Skip to content

8 қараша жексенбі күні 5 «Ә» сынып оқушыларымен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайына танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Музейге саяхат барысында оқушылар:
Тарих және археология залдарымен танысып, ежелгі жәдігерлерді тамашалады;
«Алтын адам» залын аралап, ұлттық құндылықтарымыз туралы терең мағлұмат алды;
Музейдің интерактивті экспозициялары мен голограммалық көрсетілімдерін қызығушылықпен тамашалады.
Оқушылар саяхат барысында белсенділік танытып, көкейтесті сұрақтарын қойды. Экскурсия жоспарға сай және қауіпсіздік ережелері толық сақталып өткізілді. Экскурсия оқушыларға ерекше әсер қалдырып, тарихи білімдерін толықтыруға мүмкіндік берді. Сынып оқушылары ұйымшылдық пен тәртіптілік танытты.