Skip to content

Жетістіктер

2026 жылғы 29 қазанда Астана қаласындағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Жүннен жазылған тарих: ұлттық мұраның жаңаша тынысы» жобасы аясында ұлттық өнерді ұлықтаған ауқымды шығармашылық іс-шара өтті.
Астана қаласындағы Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясының мұғалімі Атыбай Ләззат Әбділдақызы өзінің шығармашылық бастамасы мен қажырлы еңбегінің арқасында қазақтың дәстүрлі қолөнерін әлемдік деңгейде танытып, Гиннестің рекордтар кітабына енді!
Жоба аясында еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған оқушылар мен педагогтер бірігіп, жүннен 500-ден астам көркем туынды әзірледі. Әрбір туындыда халқымыздың бай мәдени мұрасы, ұлттық құндылықтары мен дәстүрлі қолөнерінің қайталанбас ерекшеліктері көрініс тапты.
Іс-шараның ең ерекше туындыларының бірі – көлемі 7×4 метр болатын Қазақстан картасы. Ұлттық нақышта жүннен жасалған бұл ауқымды шығарма еліміздің бірлігі мен тұтастығын, рухани байлығы мен ұлттық мақтанышын айшықтады.
Атыбай Ләззат Әбділдақызын тарихи жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлттық құндылықтарымызды әлемге танытып, еліміздің абыройын асқақтата беріңіз! Шығармашылық табыс, толағай жетістіктер тілейміз!

Біздің мақтанышымыз – білікті ұстаз, ұлттық өнердің жанашыры! 🇰🇿 

https://www.instagram.com/reel/DfH9taatZSU/?utm_source=ig_web_copy_link&srtk=MzRlODBiNWFlZA==


23.10.2023

Республика күні қарсаңында елордадағы С. Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық әндер фестивалінің қалалық финалы өтті.

Фестивальге іріктеуден өткен 10 жас өнерпаз қатысып, патриоттық әндер арқылы Отанға деген сүйіспеншілігін, елге деген құрметін және өнерге деген құштарлығын паш етті.

🏆 Мектебіміздің мақтанышы, 7 «А» сынып оқушысы Сахитжан Назира фестивальде жоғары өнер көрсетіп, І ОРЫН иеленді!