Skip to content

Ата аналарға кеңес

—Баланың қойған сұрағына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
-Балаңыздың жеке бөлмесі немесе бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз.
-Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық
-іс — әрекетпен айналысып отырса.
-Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсетіңіз.
-Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
-Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
-Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке басының ой-пікірімен санасыңыз.
-Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз.
-Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
-Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.
-Қиын нәрселерді тауып және оны өз бетімен, жауапкершілікпен шешуде балаңызға көмек көрсетіңіз.
-Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
-Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып, баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз.
-Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын, т.б. құралдармен қамтамасыз етіңіз.
-Балаңыздың алған негізгі ісінің ойдағыдай орындалуына сеніміңіз болмаса да, сол істі өзі аяқталуына жағдай жасаңыз.
-Бала өз жұмысын көрсете алатын стенд жасап қойыңыз.
-Істеген жұмысының нәтижелі болуына көмектесіңіз.
-Баланың қойған талабына ерекше көңілмен қараңыз.
-Балаңыздың өткір ойлылығына сеніп, әрдайым сенім артыңыз.

Кітап оқуға деген қызығушылықты қалай оятуға болады?

— Бала сіздің өзіңіздің қалай сүйсіне кітап оқитыныңызды көруі керек. Қалай кітаптардан мысал келтіре сөйлейтініңізді, қалай кітап оқып күлетініңізді көрсін. Оқыған қызықты дүниеңізбен бөлісіңіз.
-Бір-біріңізде кезектесіп әңгімелер, қызықты оқиғалар оқыңыздар. Теледидар көрудің орнына уақытты кітап оқумен өткізіңіз.
—Оқуды қалай бағалайтыныңызды көрсетіңіз: кітаптар сатып алыңыз, кітап сыйға тартыңыз.
-Бала кітап, журналдарды өзі таңдайтын болсын.
-Баланың өзі оқыған кітаптары туралы пікірін сұрап отырыңыз.

— Баланың мерзімді баспасөзден жұлдызнама, әзіл-сықақ болсын көп оқуына көңіл бөліңіз.
— Көрнекі жерге баланың кітап оқуда жеткен жетістіктерінің тізімін іліп қойыңыз. (Қандай уақытта қанша кітап оқығаны туралы).
— Үйде балалар кітапханасы болу керек.
— Баламен бірге сөзжұмбақ шешіңіз.
— Баланы шабыттандыратын белгілі бір тақырыптағы кітаптарды жинаңыз (мысалы, динозаврлар немесе ғарышқа саяхат жайлы).
— Балаларға ұзақ туындыдан гөрі қысқа әңгімелер оқыған дұрыс. Сонда бала оқып тауысқан кезде рахаттанатын болады, ұзақ шығармадан бала жалығып кетеді.
— Бала фильм көрер алдында немесе кейін сол туралы кітап оқуға ұсыныс айтыңыз.
— Баланың дауыстап оқуына да жағдай жасаңыз. Бұл балаға өз-өзіне сенімділігін дамытады.

«Баланың сабаққа деген мотивациясын қалай көтеруге болатыны жайында»

-Балаңызбен мектепке бару мен білім алудың маңыздылығын талқылаңыз. Бұл өте маңызды.
-Балаңыздан күнделікті оқу күні қалай өткенін сұрап тұрыңыз. Баланың оқу күні туралы ештеңені бүкпей айтатынына көз жеткізіңіз.
-Балаға үй тапсырмасын және қандай да бір өзі орындау керек жобаның берілген, берілмегенін сұраңыз.
-Балаңызға ешқандай тапсырма берілмесе, оның 30минут уақытын қайталау, жаттығу жұмыстарына жұмсауын қадағалаңыз.
-Баламен бірге отырып, оның қандай да бір жетістіктерін талқылаңыз. Қажет болса, оның қандай да бір жағымсыз іс-әрекеттеріне шектеу жасаңыз.
-Жақсы іс-әрекеттерін мақтаңыз. Тек қана жағымсыз әрекеттерін айта бермеңіз.
-Балаңыз емтиханды нашар тапсырса да, оған демеу болатын сөздер айтыңыз.
-Балаңыздың мектепте үлгерімі нашар болатын болса, оған қосымша көмек көрсетуге үйде дайындауға мұғалім шақыртыңыз.
-Баланың мұғалімімен оған қандай да бір көмек көрсететін альтернативті көмектер сұрап сөйлесіңіз.
-Ең бастысы баланың үлгерімі мен тәртібі туралы хабардар етіп отыратын адам- мұғалімімен әрқашанда байланыста болыңыз.
-Баланың алдына нақтылы мақсаттар қоюына көмектесіңіз: неге қол жеткізу керек, қандай білім алу керек.
-Баланың сол мақсатына жету уақытын бірлесе белгілеп алыңыз.
-Мүмкіндігінше бала білім алудың нақтылы неге қажеттігін білу керек.(Маған мұны білудің қажеті қанша, өмірде оны қалай пайдаланамын)
-Оқу үрдісі кезіндегі баланың нәтижелерін уақытылы қадағалап отырыңыз.
-Баланы мадақтаудың әдісін ойлап табыңыз (бүкіл отбасының алдында мақтау). Оған мотивация болатындай баланың нақтылы іс-әрекетін мақтаңыз.
-Жасөспірімге үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз. Жақсы сөз айтып, кеңестер беріп отырыңыз.
-Мектепте жаңа білім алуына ынталандырыңыз.
-Жасөспірімдер топтасып, бір-бірімен араласа жүріп, бірлесе жұмыс істейтін болғандықтан, білім алу да солай іске асуы керек.
-Баланың жағымды әрекетін талқылаңыз. Оның оқу пәндеріне қатысты пікірін сұраңыз.
-Баланың оқудағы нәтижелерін басқа сыныптастарының нәтижесімен салыстырмаңыз.
-Баланы жақсы көріңіз.