Skip to content

Конференциялар, семинарлар және олимпиадалар

17 қазанда мектебімізде Алаш қайраткері, мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасұлының өмірі, қоғамдық-саяси қызметі мен шығармашылық мұрасын зерделеуге арналған «Смағұл Сәдуақасұлы және Алаш мұрасы» атты қалалық олимпиада өтті.
Олимпиадаға 8–9 сынып оқушылары қатысып, өз білімдері мен зияткерлік қабілеттерін сынға салды. Қатысушылар екі бағыт бойынша бақ сынады:
🎙️ 1-бағыт – «Смағұл Сәдуақасұлы және Алаш мұрасы»
🔎 2-бағыт – «Тарихи детектив»
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың тарихи танымын кеңейту, сыни ойлау қабілетін дамыту, тарихи деректермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру және Алаш қайраткерлерінің ұлттық мұрасын терең таныту.
Осындай тағылымды олимпиадалар жас ұрпақтың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді.
🏆 Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен ізденістері үшін алғыс білдіреміз! Жас зерттеушілерге толағай табыс, биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!
Тарихын таныған ұрпақ – ел болашағы! 🇰🇿✨
#СмағұлСәдуақасұлы #АлашМұрасы #ҚалалықОлимпиада #ТарихиДетектив #ҰлттықҚұндылықтар #ЗияткерҰрпақ #МектепӨмірі

14.04.2026

Бүгін «С.Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназия» базасында «Жаратылыстану-математикалық пәндерді оқыту және жасанды интеллект интеграциясы» тақырыбында өткізілген қалалық семинар білім беру үдерісін


26.03.2026

ЕББҚ-бар білім алушыларды кешенді қолдау


Мектебімізде ЕББҚ бар білім алушыларды кешенді қолдау тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинар барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды қолдаудың тиімді жолдары қарастырылып, заманауи әдіс-тәсілдер мен тәжірибелік дағдылар ұсынылды. Қатысушылар инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру, оқушылардың әлеуетін ашу және сапалы білім беруді қамтамасыз ету бағытында өз білімдерін толықтырды.

🤝 Семинар өзара тәжірибе алмасу, пікір бөлісу және кәсіби даму алаңына айналды.

https://www.instagram.com/reel/DWf3HYOjYzt/?igsh=MXEwMjU0anZoamIxOA==


26.03.2026

Оқу-тәрбие процесінде ЕББҚ-бар балаларға қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру

https://www.instagram.com/reel/DWf21NcDYYe/?igsh=eWh6NWVkZDJzdmcw


26.02.2026

«Бастауыш білім беру: заманауи әдістер мен құндылықтар»

https://www.instagram.com/reel/DSZX6emjdie/?igsh=ZmZ1cGk0dW52MmF6


13.02.2026


«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясымен бірлесіп ұйымдастырған 9-сынып оқушыларына арналған «Смағұл Сәдуақасұлы және Алаш мұрасы» I қалалық олимпиадасы басталды.
Іріктеу кезеңіне Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінен
9-сынып оқушылары қатысып, Алаш қозғалысының тарихы, ХХ ғасырдың басындағы саяси үдерістер, Смағұл Сәдуақасұлының өмірі мен қызметі, оның ұлттық мүдде жолындағы еңбегі туралы тест тапсырмаларын орындауда.
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар қалалық олимпиаданың келесі кезеңіне жолдама алады.
Бұл олимпиада жас ұрпақтың ұлттық тарихқа деген қызығушылығын арттырып, Алаш қайраткерлерінің мұрасын терең зерделеуге бағытталған маңызды білім алаңы болып табылады.

https://www.instagram.com/reel/DUm7DeHDb2c/?igsh=NXNuNnU0YWJ5ajh0


12.12.2026


Мектебімізде 2025 жылдың 12.12 күні Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі, Астана қаласының “Білім басқармасы”, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» ұйымдастыруымен Астана қаласында қазақ халқының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы, публицист Смағұл Сәдуақасұлының 125 жылдығы аясында «Смағұл Сәдуақасұлы және заманауи білім беру құндылықтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты: заманауи білім берудегі басқарудың жаңа модельдері мен өзекті мәселелерін талқылау, С.Сәдуақасұлының еңбектеріндегі алаш ұлттық идеясын насихаттау, жүйелі зерттеулер тиімділігін оқу үдерісінде қолдану, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасымен рухани және мәдени тұтастық идеясын ашу.
Отандық және шетелдік ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамы, орта білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары, тарих пәні мұғалімдері мен жас ғалымдардың қатысуымен өтті. Конференцияда Түркия Республикасы, Моңғолия, Қырғызстан Республикасы мен Ресей мемлекеті ғалымдары, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана халықаралық университеті ғалымдары, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы»,Қазақ ұлттық спорт университеті ғалымдары, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Ұялы ауылы С.Сәдуақсұлы атындағы мектеп-гимназия және Астана қаласындағы жүзден астам педагогтер қатысты.
Конференция үш бөлімнен тұрды:

1 Пленарлық;

2 Онлайн;

3 Секциялық;
Конференцияның нәтижесінде Смағұл Сәдуақасұлының ағартушылық идеяларының қазіргі білім беру жүйесімен үндестігі талқыланып, ұлттық құндылықтарға негізделген білім берудің өзекті бағыттары ұсынылды. Қатысушылар заманауи мектепте ұлттық-рухани құндылықтарды оқыту әдістері, цифрлық білім беру мүмкіндіктері және педагогтердің кәсіби дайындығын күшейту жолдары жөнінде тәжірибе алмасты.

https://www.instagram.com/reel/DSZX6emjdie/?igsh=ZmZ1cGk0dW52MmF6