Skip to content

«ХАБАР» ТЕЛЕАРНАСЫ №78 МЕКТЕП -ГИМНАЗИЯСЫНДА!

Осы айтулы оқиғаға орай Қазақстанның басты ұлттық телеарнасы – «Хабар» телеарнасының түсірілім тобы мектебімізге арнайы келіп, қос бірдей халықаралық рекордтың тарихы мен салтанатты марапаттау рәсімі туралы репортаж дайындады.

Естеріңізге сала кетейік, мектебімізде жүзеге асқан «Өнермен өрілген Қазақстан» және «Жүнге жазылған тарих: ұлттық мұраның жаңаша тынысы» атты екі ауқымды республикалық жоба GBR – Global Book of Records халықаралық рекордтар кітабына енді!

Салтанатты шара барысында GBR халықаралық рекордтар ұйымының Азия және Африка елдері бойынша бас офицері Құдайбергенов Қуандық ұстаздар мен шәкірттерді құттықтап, халықаралық рекордқа қатысушыларды марапаттады.

Қос жобаның авторы әрі ұйымдастырушысы, көркем еңбек пәнінің мұғалімі, педагог-модератор, Ұлттық дизайн академиясының академигі, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Атыбай Ләззәт Әбділдақызының еңбегі жоғары бағаланып, алтын және күміс медальдармен марапатталды.

Бұл – бір ұстаздың ғана емес, тұтас мектеп ұжымының, шәкірттердің және ұлттық өнерімізді ұлықтаған барша жанның ортақ мақтанышы!