Мектебімізде «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ер мұғалімдер арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрімізді жаңғырту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Асық ату» ұлттық ойынынан жарыс ұйымдастырылды.Жарысқа барлығы 14 ер мұғалім қатысып, мергендік пен ептіліктің, дәлдік пен шапшаңдықтың сынға түскен тартысты бәсекесінде өзара бақ сынасты.🎖️ Жарыс қорытындысы бойынша:🥇 І орын – Жалыныш Ахжол🥈 ІІ орын – Ғылымбек Мағжан🥉 ІІІ орын – Ертай АмандықОсындай тағылымды шаралар ұлттық ойындарымызды ұлықтап қана қоймай, ұстаздар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, ұлттық мұраға деген құрметті арттыра түседі.Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!Ұлттық ойын – ұлт мұрасы, ұрпаққа аманат!
