ЭтноАрт «Мирас» лагерінің ашылуы
Бүгін 3 маусым күні Смағұл Садуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясында ЭтноАрт «Мирас» лагерінің салтанатты ашылу шарасы өткізілді.
Біздің мақсатымыз этнолагерь арқылы «Біл! Үйрен! Көрсет!» атты ұранмен жасөспірімдерге ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Лагерьге әр маусымда- 50-90 оқушылары қатысады.
Лагерьде этнографиялық тәрбие мен білім беру және салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрыпты үйренеді және оқушылар өз қолдарымен жасап үйренеді. !”Әжелер” мектебінің әжелері балаларға кесте тоқу, ши тоқу, жүн түту, ұршықпен жіп иіру және ұлттық тағам түрлерін қалай әзірлейтін әдістерін көрсетіп өтті.
Бүгінгі шараға @astana_daryny дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының әдіскері Жазира Болатқызы және «Бабалар Аманаты» орталығынан келген ардақты ұстазымыз әже Жолдыбаева Бақтыгүл өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, мерекелік лента кесіп, салтанатты түрде лагерьді ашты. Мектеп директоры Қарлығаш Есімхановна да балаларды құттықтап жазғы лагерьдің көңілді, қызықты өтуіне атсалысуға шақырды.
Лагерьде құрылған топ оқушылары да өз өнерлерін ортаға салды. Бірі ән айтып, бірі би биледі.
#3junezhazgydemalys
@astana_daryny @astana_adistemelik_ortalyq @bilimastana @akimat__astana @bilimastana @nura.audany @k.sengazyyev_official

