Астана қаласы бойынша «Түңгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шара жүргізіліп жатыр. Жасөспірімдер қылмысының көпшілігі ата-ананың бақылауынсыз қалған балалардың қатысуымен орын алады.
«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға түнгі сағат 23:00-ден таңғы 6-ға дейін ата-анасының және оған құқы бар заңды өкілдердің қарауынсыз ойын-сауық мекемелерінде немесе үйден тыс жерлерде жүруге болмайды.Ол үшін ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Құрметті ата-аналар түніміз тыныш болсын. Құқық бұзушылықтан аулақ болайық.
Тәртіп сақшыларының тексерістері балалардың қауіпсіздігі үшін. «Тәртіпке бағынған құл болмайды».

