"Ахмет — ұлт ұстазы" атты, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кездесу кеші өтті. Кешіміздің қонақтары, Жақыпов Жантас Алтайұлы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ф.ғ.д. профессор, Еркінбай Ұлан Оралұлы А. Байтұрсынұлы білім академиясының директоры ф.ғ.д. профессор, Жексенғали Болат халықаралық "Қазақ тілі қоғамы" ҚБ ұйымдастыру және кадр бөлімінің басшысы, тілші- маман және Елемісова Гауһар Арыстанқызы тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, тіл саясатын дамыту бөлімінің бас маманы, сондай-ақ мектебіміздің қамқорлық кеңесшісінің мүшесі.
Қонақтарымыз оқушыларға көптеген мәлімет берді. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталды. Мектеп директоры К.Жангазакова оқушыларды білімді болуға, ұлы тұлғалардың кітаптарын оқып білімдерін шыңдауға шақырды. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қойшыбай Мұқият өз шығармашылығынан Ахмет Байтұрсынұлына арнауын оқып, оқушыларымыз Ахмет өлеңдерін, мысалдарынан жатқа айтты.
Сонымен қатар, Алаштың біртуар азаматы, қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасұлына арналған кабинеттің ашылуының лентасын қиды. 310 кабинет заманауи жабдықпен жабықталған, кабинет ішін тарих пәні мұғалімдері, Молдахметов Жайсан Жумабекович, Кабденова Мадина Дулаткызы таныстырып өтті. Соңында, Смағұл Сәдуақасұлы атындағы музейіді, Назкенова Сәуле Сайранқызы таныстырып шықты. Қонақтарымыз лебіздерін білдіріп, қол таңбаларын қалдырды.
Жалпы танымдық кешіміз жоғары деңгейде өтті. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы қазақ әліпбиі мен әдебиетіне салған үлестері келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек.