2024-2025 оқу жылының жаңалықтары

Кәсіптік бағдар – табысты болашақтың кепілі

📚✨ Кәсіптік бағдар – табысты болашақтың кепілі!

🔹 Астана қаласы әкімдігінің "Технологиялық колледжі" С.Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

🔧 Кездесу барысында колледж өкілдері білім алушыларға оқу орнының ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы айтып, ұсынылатын мамандықтар жайында кеңінен таныстырды.

👩‍🏫 Оқушылар колледж өмірі, білім беру жүйесі мен болашақ мамандықтар туралы маңызды ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

🎯 Бұл кездесу оқушылардың болашақ кәсіби бағыттарын айқындауға септігін тигізіп, саналы таңдау жасауына мүмкіндік берді.