2023-2024 оқу жылының жаңалықтары

“8 минуттық оқу” жобасы

📢Оқу жылының ІІ тоқсанынан бастап Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінде “8 минуттық оқу” атты жаңа жоба басталды. 🔰Қолға алынған “8 минуттық оқу” жобасына сәйкес С.Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясының оқушылары да өздеріне қызықты болған кітаптарын оқуды бастады.Жобаның ережесіне сәйкес күнделікті әр ауысымның бірінші сабағы 8 минут көркем әдебиет кітабын оқиды. Әр мұғалім сабақ алдында оқушыларға көркем әдебиет кітабын оқуды ұсынады. Білім алушылар ұнатқан кітаптарын тікелей кітапханадан ала алады. Жобаның негізгі мақсаттары: •оқушылардың кітап оқу дағдысын қалыптастыру✔️ •оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту✔️ •өз ойларын еркін жеткізе білуге ықпал ету✔️ •оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру✔️ Алдағы уақытта айына бір рет ата-анасымен бірге кітап оқулары жүргізіледі және оқыған кітаптарының нәтижелерін қорытындылау мақсатында әр айдың соңғы жетісінде Readx форматындағы іс-шара өткізіледі.