Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясында халықаралық дәрежеде ғылыми-практикалық конференция өтті
Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясында халықаралық дәрежеде ғылыми-практикалық конференция өтті.
👍 300-ге жуық ғалым мен өнертанушы бас қосқан жиынға Қырғызстан, Түркия мен Ресейдің де қолөнер шеберлері де қатысты.
⚡️ Көрмеге көне стильде жасалған әшекей бұйымдар, теріден жасалған картиналар, қамшы түрлері мен сүйекті ойып жасаған өнер туындылары қойылды. Көршілес мемлекеттен келген қатысушылар да түркі мәдениетіне тән бұйымдарын әкелді.
📚 Шара ұлы ақын Абай Құнанабайұлының 180-жылдығына орай ұйымдастырылды.