2025-2026 оқу жылының жаңалықтары (1-жарты жылдық)

Смағұл Садуакасұлының 125 жылдығы

Смағұл Садуакасұлының 125 жылдығына орай Астана қаласында Смағұл Садуакасұлы атындағы мектеп гимназияда "Смағұл Садуакасұлы және заманауи білім беру құндылықтары" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның соншалықты жоғары деңгейде өткізілуі бүгінгі күні таза ғылыми немесе ғылыммен айналысатын, ғылымға қатысты ұйымдар емес, 6 жасар оқушыдан бастап 17 жасқа дейін білім беріп отырған мектептер де ғылымға, тұлғаларды насихаттауда ешкімнен кем болмайтындығына тағы бір рет көзімізді жеткіздік.
Конференцияға академик Дихан Қамзабекұлы бастаған ғалымдармен қатар, Түркия, оның 3 қаласынан ғылым докторлары, Ресей, Моңғолия, Қырғызстан ғалымдары конференцияға қатысуының өзі қандай дәрежеде ұйымдастырылғанын бағамдаса болады.
Еліміздің Алматы, Семей, Солтүстік облыстан ұстаздар келіп, жұмыстарын, тәжірибелерін бөлісуге келген. Артынан іздеушісі бар тұлға бақытты. Смағұл атамыздың аруағы шат болсын!
Мектеп басшысы Қарлығаш Есімханқызына, мектеп ұжымына алғыс! Мектептеріңіз Смағұлдай таутұлғалар шығатын орда болғай!