2022-2023 оқу жылының жаңалықтары

"Тіл - тіршіліктің нәрі" атты, тілдер он күндігінің ашылуы

13.09.2022ж. "Тіл - тіршіліктің нәрі" атты, тілдер он күндігінің ашылуы өтті.

Биылғы тіл мерекесін қазақ тілінің реформаторы, туғанына 150 жыл толып отырған мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына арнамақпыз.

Ахмет Байтұрсынұлы - ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси тұлға, көрнекті қоғам қайраткері, аса ірі ғұлама түрколог, қазақ тілі білімінің негізін қалаушы, қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетіне аянбай адал қызмет еткен ірі қайраткер, үлкен талант иесі, тарихта орны айрықша зор тұлға.Бір сөзбен айтқанда, ол өзінің барлық саналы ғұмырын қазақ қоғамында білім мен ғылымның дамуына, ағартушылық ісіне арнады. Бүгінгі тәуелсіздіктің алтын шұғыласына малынып, бақытты ғұмыр кешіп жатқан біздің жүрегімізде Ахмет есімі күндей жарқырап жатуы тиіс екенін жас ұрпаққа жеткізу міндетіміз.

Мектеп оқушылары тіл туралы жырларын оқып, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қойшыбай Мұқият өз шығармашылығынан "Ахмет рухымен қауышу" атты өлеңін оқыды.