Бүгін мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығы аясында Халықаралық, Республикалық ақындар айтысының жүлдегері, әнші, күйші, қобызшы Бөкен Жігермен "Қобыз сарыны" атты поэтикалық - танымдық кеш өтті. Түркі дәуірін, тұлпар мініп, ту ұстаған - Бумын, Естеми, ер Едіге, Тоқтамыс, Асанқайғы бабаларымыздың заманынан сыр төккен қылқобыз бебеулеген қалпынан бір тынбастан, кешегі Алашқа рухына аялдап, бүгінгі тәуелсіздіктің қадір-қасиетіне бас ие барып тоқтады. Қазақы болмыстың алтын айнасы - өткен тарихымыз солай бір көкірегімізге нұр тамызып, көз алдымыздан көшіп өте шыққандай болды. Күй - қазақтың жаны. Ал, сыбызғы, домбыра, қобыз көненің сарыны. Оны түсіне білу де, қадір тұту да бүгінгі ұрпақтың асыл парызы.