Қаңтар айының 15-16 күндері “Қанипа Бітібаева әдістемесі - кәсіби өсудің драйвері”, «Ұлт ұстазы» тақырыбында қазақ тілі пәні ұстаздары үшін ұйымдастырылған практикалық алаң - құнды тәжірибе алмасу алаңы болды.
Бұл шарада Ахмет Байтұрсынұлының бай мұрасын бүгінгі заманауи білім беру талаптарымен ұштастыра отырып, жаңа форматта ұсынды. Әсіресе, Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерін жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктері, аудио-видео материалдар, 3D форматтағы материалдар арқылы көрсетуі – шеберхананың басты ерекшелігі болды. Бұл заманауи әдіс-тәсілдер оқушылардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, тарихи тұлғаның идеяларын терең әрі түсінікті қабылдауға жол ашатыны анық. Мұндай жаңашыл көзқарас мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттырып, білім беру үдерісін жаңа деңгейге көтереді. Сонымен қатар, шеберхана әдістемелік, рухани-тәрбиелік және шығармашылық құндылығымен де ерекшеленді. Ұлт ұстазының ағартушылық идеясын жаңаша ұсыну арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау, мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, кәсіби ынтымақтастықты нығайту айқын көрініс тапты.
Осы мазмұнды, тағылымы мол іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған Жанар Сейтахметқызына және зерттеу тобының жетешілеріне алғыс білдіреміз!