2021-2022 оқу жылының жаңалықтары

"Бірге ертегі оқимыз" байқауы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Білім беруді жаңарту орталығы" МКҚК Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының жылдық жоспарына сәйкес Халықаралық мектеп кітапхана күніне орай мектеп кітапханаларының апталығы өтті. 1-4 сынып оқушылары "Ертегілерді суретпен безендіру", "Ертегіні дауыстап оқу", жоғарғы сынып оқушылары, төменгі сынып оқушыларына "Бірге ертегі оқимыз" байқауына қатысты.