Бүгін мектебімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай " Мәңгілік Ел - Ұлт Мұраты" атты іс- шарада, Смағұл Сәдуақасұлы айлығының бір кешінде, абайтанушы, ғалым, ұстаз Омар Жәлелұлымен кездесу кеші өтті. Ұлт руханиятының қайнар бұлағынан қанып ішкен, Абай, Машһұр Жүсіп, Шәкәрім даналығынан терең сусындаған, ойлы сөз, талғамды пікір айтатын ғалым, ұстазбен өткен кездесу кешімізде оқушыларымыз рухани азық алып,өмірлеріне үлкен сабақ алды.