2026 жылғы 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Кітаппен өс, біліммен өркенде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге мектебіміздің 5,6,7-сынып оқушылары қатысып, кітап әлемімен жақынырақ танысты. Кітапхана қызметкерлері оқырмандарға балалар жазушылары мен ақындарының шығармалары туралы мазмұнды ақпарат берді.
Сонымен қатар «Отбасымен оқимыз» клубы аясында жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың «Менің досым» атты шығармасына арналған әдеби талдау сағаты өтті. Талдау сағатын клуб модераторы — журналист, PhD ғылым докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің аға оқытушысы Әлімбекова Саягүл Қабылбекқызы жүргізді.
Іс-шара барысында қатысушылар шығарма мазмұнымен танысып, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне талдау жасады. Әдеби талқылау аясында достық, адалдық және адамгершілік тақырыптары кеңінен қозғалып, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті. Оқушылар шығарма бойынша алған әсерлерін ортаға салып, белсенділік танытты.