2021-2022 оқу жылының жаңалықтары

І қалалық «Әдебиет әліппесі» оқулары

Ауыз әдебиеті – талай ғасырлар жемісі. Жыраулар мен жыршылар, ертекшілер ықылым заманнан халқымыздың асыл қазынасын ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп, осы кезеңге дейін жеткізген.
Жас ұрпақты халық ауыз әдебиетімен сусындату олардың ой ұшқырлығы мен тіл байлығының, сана – сезімінің дамуына көп әсерін тигізеді. Ата-бабаларымыз қалдырған асыл мұралар балалардың өнер-білімге құлшынысын арттырып, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелейді.
«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2021 жылдың 29 қазан күні 2-4 сынып оқушылары арасында ауыз әдебиеті жанрларын қамтитын «Әдебиет әліппесі» оқуларын өткізді.
«Әдебиет әліппесі» оқуларына «Өнер алды....»- шығарманы мәнерлеп, жатқа оқу, «Алтын сақа» - шығарманы жалғастыру, «Ойлан, тап» - берілген сөз тіркестерінен өлең жолдарын құрастыру, «Ақ желкен» - шығармашылық жұмыс (ертегі жазу) номинациясы бойынша оқушылар қатысып, марапатталды.