2023-2024 оқу жылының жаңалықтары

📌10-11 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді

Бүгінгі жас ұрпақ ертеңнің иесі. Сондықтан мектеп жасындағы олардың таным-түйсігіне, қалыптасу жолына жай көзбен қарауға болмайды. Бүгінгі алған білімімен қатар, адами болмыс-бітімі, рухани әлемінде жан-жақты байытып, дамытып отыру керек-ақ.
Осы мақсатта бүгін мектебіміздің 10 және 11 сынып оқушыларының қатысуымен "Қатыгездіксіз әлемді қалай орнатуға болады" тақырыбында мазмұны ғылымилыққа негізделген дөңгелек үстел өтті. Әрбір оқушы өз ойларын ортаға салып "қатыгездік" ұғымының пайда болуы, себептері, оның болдырмаудың жолдары туралы кеңінен тоқталып, әртүрлі мысалдар келтірді. Адамзат баласының ең асыл байлығы - мейірім екендігіне көз жеткізді. Көңілдеріне соны түйіп, алдағы уақытта сол бағытта бар ақыл - ойларын соған арнауға сенім білдірді. Әлемнің ұлы құндылығы тыныштық пен бейбітшілік. Ал бейбітшіліктің алтын арқауы - мейірім пен шапағат. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, бала отбасында қандай тәрбие алса, болашақ өмірі де солай болады. Дұрыс тәрбиесі бар адамдар зорлықсыз, зомбылықсыз әлемді құрады және маңайындағы адамдарға да құнды адами қасиеттерді үйрете алады деп ойлаймыз.

Ұйымдастырушылар:

М.Қойшыбайұлы
3. Канафиева
К. Далаева
А. Аглакова