2025-2026 оқу жылының жаңалықтары (1-жарты жылдық)

"Жауапкершілік және заң"

2026 жылдың 13 қаңтар күні «Адал азамат» бірыңғай тәрбие беру бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» айлығының іс-шаралар жоспарына сәйкес ата-аналардың қатысуымен «Жауапкершілік және заң» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты — ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру, кәмелетке толмаған балалардың заң алдындағы жауапкершілігі туралы ақпарат беру және ата-ана мен мектептің бірлескен жұмысын нығайту болды.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, балалардың құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылықтардың салдары, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері туралы мәліметтер берілді.

Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, өмірден алынған мысалдар арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу соңында ата-аналарға баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру және мектеппен тығыз байланыста болу жөнінде ұсыныстар айтылды. Аталған кездесу ата-аналардың құқықтық білімін арттыруға, бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті терең түсінуге және құқық бұзушылықтың алдын алуға өз ықпалын тигізді.