2023-2024 оқу жылының жаңалықтары

Құқық бұзушылықтың алдын алу

2023ж. 09.11. күні, Астана қаласындағы №78 мектеп-гимназиясының оқушылары арасында «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында лекция өткізілді.
Кездесу «Нұра» ауданының полиция қызметкерлері майор Ұлболсын Жанбекқызы Мусабекова мен капитан Турганов Илияс Болпановичпен өтті.

Мақсаты: Білім алушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықты алаң, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету. Өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.