2022-2023 оқу жылының жаңалықтары

“Language is the soul of the people”

20.09.2022 жылы мектебімізде тілдер онкүндігі аясында ұйымдастырылған ағылшын тілі пән педагогтері Изей Нұржамал Жақсыбайқызы мен Айтуаров Ержан Айдарулы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойына “Language is the soul of the people” атты іс-шарасын өткізді . Іс-шараға № 81 ағылшын мектебінің педагогтері мен Гүлсара Салмуканқызы төрелік етті. №81 ағылшын мектебінен келген Мисс Грэйс қазақтың лингвисін алғашқы рет біліп отырмын. Ол туралы ақпаратты сіздерден алдым. Quiz game өте керемет болды, алдағы уақытта тәжірибе алмасуға даярмыз деп өз пікірін білдірді. Іс шараға әр бірлестіктен 1 мұғалімнен және 10-11 сынып оқушылары қатысты. 5 топ болып бірлесе жұмыс жасап, 2-ші турда постер қорғап, топ мүшелері Ахмет Байтұрсынұлы туралы ақпаратты ағылшын тілінде қорғады.