2022-2023 оқу жылының жаңалықтары

Қоршаған орта және энергия ресурстары

Қайырлы күн, достар!

2023 жылы 17 ақпан күні 8 сыныптар арасында қазақ тілі пәнінен «Қоршаған орта және энергия ресурстары» бөлімі бойынша «Болашақтың энергиясы» тақырыбында «NUR ALEM» болашақ энергия мұражайына саяхат сабағына барды. Саяхат сабағымыздың мақсаты:

Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту;

«ЭКСПО-2017 болашақтың энергиясы және Жасыл экономикаға көшу мақсаты туралы білімдерін кеңейту;

Болашақтың энергиясы жайлы алған білімдерін өмірде орынды қолдана білуге үйренеді.

Қоршаған ортадағы энергия ресурстарын адамзаттың қалай тиімді пайдалана алатыны жайлы мәлімет алды. Қуат көздерін және энергияның басқа да баламалы түрлерін пайдалануға ынталандыру. Қоршаған ортадағы зияны жоқ энергия көздерін пайдану тәжірбиесі арқылы саяхат сабағынан тың деректер алып, жақсы көңіл-күймен оралды.