2021-2022 оқу жылының жаңалықтары

Тілдер апталығының жабылуы

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстан халқы тілдері онкүндігінің жабылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл мереке біздің оқушыларымыздың мемлекеттік қазақ және ана тілдерін құрметтеуге, Отанымыз – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Ол еліміздің түрлі этностарының тілдері мен дәстүрлері туралы білімдерін кеңейтуге ықпал етеді".

Түбі Түркіден тараған қазақтың сан қырлы қасиетінің жауһары - ана тіліміз. Тілін тіршілігінің тірегі, жерін, отанын тұтас ғұмырының мәні деп ұғынған ата-бабаларымыздың ұлы мирасы - ана тілімізді ардақтау бүгінгі ұрпақ біздің мойынымызға жүктелген міндет екенін ұғыныумыз керек. Ана тілімізді қадірлеу өткенімізге, тарихымызға деген терең сүйіспеншіліктің белгісі болмақ. Осы мақсатты ұстанған №78 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі бірлестігі апта бойы әртүрлі іс-шаралармен ана тіліміздің салтанатын асырған еді, бүгінгі тіл мерекесіне орай жабылуын да жарқыратып тұрып өткізді. Көңілге ой салатын көрініс пен басталған салтанатты шара оқушылар оқыған, Отан тақырыбындағы өлеңдер мен, күй-әндермен ұласып барып аяқталды. Жас та болса тіліне деген құрметі үлкен оқушылардың ертеңгі еліне деген көзқарасының дұрыстығына сенім білдіре отырып, мектеп әкімшілігі тарапынан марапатталды. Тілге құрмет - елге құрмет. Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын болғай. Мәнерлеп оқу, эссе жазып, көрініс көрсеткен, үздік оқушылар марапатталды.