Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназия КММ директорының ақпараттық ісі жөніндегі орынбасары К.Дадаева және информатика пәні мұғалімдері 5-11 сынып оқушыларына жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» түсіндіру жұмыстарын өткізді. Киберқауіпсіздік деген не? Сілтеме арқылы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді. Мектептің 3-4 сынып оқушыларына кез келген интернетпен байланысты сайт немесе бағдарламаларда "политика конфедециальности" Яғни сіз енгізген ақпаратты сақтау шарттары таныстырылды. Интернет қолданушылары үшін киберқауіпсіздікті сақтау маңызды екенініне тоқталды. #киберқауіпсіздік Оқушыларға өз логин парольдарыңызды ешкімге жазбау және бір парольді бірнеше жерде пайдаланбау сияқты қарапайым қағидаларды сақтау керек туралы ескертілді. Сондай ақ, сайтқа, бағдарламаға тіркелерде жаңа шыққан жазуларды оқымай тұрып, «ок», «далее», «Подписаться» батырмаларын баспау туралы ескертілді. Барлық сынып чаттарына «Бала құқығы адам құқығы» туралы телефон номерлерін жіберілді.