Жас мамандар апталығының ашылуы ерекше форматта өтті ✨
Іс-шараның басты тақырыбы — “Тоғысқан тағдырлар”. Бұл атау әр маманның өз жолы, арманы мен еңбегі тоғысқан сәттердің маңызын айқындай түсті. Жастардың жігері мен талпынысы үйлескен бұл кеш көрермендерге ерекше әсер сыйлады 💫