2023-2024 оқу жылының жаңалықтары

📌Бала саудасы - қоғам мәселесі” тақырыбында дәріс

С.Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімдер бірлестігі 11 сынып оқушыларына «Бала саудасы қоғам мәселесі» тақырыбында дәріс өткізді.

Жоғарғы сыныппен өткізен бұл жұмыстың басты мақсаты:

Бала сатып байымақ болғандар жайлы статистиканы көрсете отырып, жанды ауыртатын осындай суық хабарларды болдырмаудың жолын қарастыру. Оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар көрсете отырып, адами құндылықтарға тәрбиелеу.

Дұрыс тәрбиесі бар балалар зорлық- зомбылықсыз әлемді құрады және маңайындағы адамдарға да құнды адами қасиеттерді үйрете алады. Сондықтан да білім алушыларға мектеп жасынан осы тақырыпта түсінік жұмыстары жүргізіліп отыр . Дәріс соңында оқушылар өз ойларын жеткізіп, еркін пікір алмасу орын алды.