Отбасы - құрмет пен ынтымақтастық, сыйластық пен жарастық орнаған орта. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі - бала.Балаға әлеуметтік- мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру жалпы өнегелі ұрпақ тәрбиелеу әке - шешенің ең маңызды міндеті. Тәрбиелі болып өсуге берекелі, мерейлі отбасының әсері мол. Сондықтан қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған Отбасымыз аман, шаңырағымыз биік, босағамыз берік болғай.