2023-2024 оқу жылының жаңалықтары

“Жаратылыстану ғажайыптары - білім әлемінде”

🔰С.Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясының жаратылыстану пәні білестігінің “Жаратылыстану ғажайыптары - білім әлемінде” атты онкүндігі болып өтті.

Мақсаты: Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту, шығармашылық белсенділіктерін дамыту, қосымша білім арқылы ой-өрісі мен интеллектін кеңейту, оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, алмасу арқылы пән мұғалімдерінің шеберліктерін шыңдау.

🔰Онкүндік аясында пән мұғалімдері тек ашық сабақ берумен шектелмей, сонымен қатар «Қызықты география», «Химия әліміндегі озық ойлы дарындылар», «Көңілді үзіліс», «Қызықты физика әлемінде» тақырыптарында танымдық викториналар мен интеллектуалдық сайыстар өткізілді.