2021-2022 оқу жылының жаңалықтары

"Мемлекеттік тіл-Тәуелсіздіктің тірегі"

Тіл - тек қана қатынас құралы ғана емес, тұтас бір халықтың өмір сүруінің кепілі, мемлекеттілігің негізі, ұрпағыңның алтын арқауы. Сондықтан тіл үшін болған күрес ешқашан тоқтаған емес. Өз тілінің қадірі мен қасиетін танып, өзге тілді игеру мен білудің кімге де зияны жоқ.
Алдағы тіл мерекесіне орай #78 мектеп-гимназиясында "Мемлекеттік тіл - Тәуелсіздіктің тірегі" атты іс-шара өтті. Бұл шараға қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі бірлестіктері мұрындық болды. Оқушыларды негіз еткен, қойылымдар қойылып, Тәуелсіздікке тәу етер өлеңдер оқылып, күмбірлі күйлер орындалды. Тілге құрмет қашанда биік болмақ керек. #Тілдер#мерекесі