2023-2024 оқу жылының жаңалықтары

Каникул кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында өткізілген мектепішілік “Шахмат” ойыны

Астана қаласы әкімдігінің “Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясының” оқушыларының каникул кезінде бос уақытын дұрыс пайдалануды ұйымдастыру мақсатында мектепішілік 4-5 сыныптар және де 6-8 сыныптар арасында “Шахмат” ойыны өткізілген болатын. Ойын нәтижесінде: Ахметжан Дінмұхамед I орын🥇 Тюлюбаев Ислам II орын 🥈 Карибаев Ерасыл III орын🥉 дипломдарымен марапатталды. Белсене қатысқан оқушыларымызды құттықтаймыз!👏🏻 Ұйымдастырушы: Тарих пәні мұғалімі - Ернар Оразтай.