2024-2025 оқу жылының жаңалықтары

«Таза Қазақстан» акциясы

Еліміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясына Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп – гимназиясының оқушылары өз үлестерін қосуда.

Табиғатымызды ластамау мақсатында мектебіміздің оқушылары тұрмыстық қалдықты кәдеге жаратып олардан пайдалы заттар жасап үйренуде. Ол үшін оқушылар пластик құтылар, қағаз қиындылары, сынған ағаш-бұтақтар, мен мата қиындыларын қолданды.

#тазақазақстан
#тазақазақстанэкологиялықакциясы