2024-2025 оқу жылының жаңалықтары

Медиация заңын қолдану

11 ақпан күні мектеп медиация мүшелерімен Халықаралық құқық магистрі, Менеджмент магистрі, медиаторлардың халықаралық жаттықтырушысы, кәсіби медиатор, халықаралық журналист. "QORGAU халықаралық медиация және келіссөздер академиясы" ҚҚ басшысы, "халықаралық журналистік тергеу агенттігінің" 4Vlast.kz" басшысы Сайлаубай Әсел және подполковник, елордалық оқу орталықтарының бизнес-жаттықтырушысы, Ұлттық ұлан редакциясының офицері, психологиялық айкидо, буллингке қарсы, жеке өсу, қарым-қатынас жүйесі бойынша маман, шешендік өнерге арналған екі практикалық нұсқаулықтың авторы Сиырбаев Алтай кездесу өткізді.

Тақырыбы: «Медиация заңын қолдану»

Кездесудің негізгі мақсаты оқушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Оқу үдерісіне қатысушылар арасында даулар мен жанжалдарды шешу. Кездесу барысында мектеп медиациясының жұмыс жасау тәртібі және оны ұйымдастыру туралы айтылды. Оқушылармен ойындар мен тренингтер жүргізді. Мектеп медиаторының негізгі жұмысы оқушылар арасында туындаған жанжалды екі жақты әділ шешу болып табылатының айтып өтті.