8-11 сыныптар арасында "Жемқорлыққа жол жоқ" тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: "Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру.
Қоғамдағы көкейтесті мәселе болып, өзек жарды проблемаға айналып отырған сыбайлас жемқорлық - ел ішіне білінбей кірген індет, жау. Ал біздің осы жауға қарсы қолданар қаруымыз - қоғам. «Қоғам - өмірдің айнасы» дейміз. Айналамыз таза болса, өзіміздің әсемдігіміз еріксіз байқалады. Сондықтан да оқушылар бойына осы бастан жемқорлыққа жол жоқтығын түсіндіру міндетіміз. Өркениетті дамытқысы келетін, ортасын құрметтейтін әр азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі. Ол әр азаматтың басты парызы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұрт болып жұмыла қарсы тұру,оны насихаттау ісі де ұшан-теңіз септігін тигізеді.
Ол үшін кез келген адам санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет - бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін айтады.