«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу — маңызды істердің бірі. Тал – бейбітшілік нышаны, табиғаттың нәзіктілігі және оны қорғау қажеттілігін еске түсіретін белгі. Бүгін мектебімізде ҚР Оқу ағарту министрлігінң орта білім беру комитетінң бас сарапшылары Төлбасиева Назира Төлбасықызы мен Утеуова Маржан Курманбаевнаның қатысуымен ағаш отырғызу “Жасыл мекен”челленджі өткізілді. Челлендждің басты мақсаты - оқушыларға жақсы үлгі көрсету, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, еңбекке баулуға, туған жерді қастерлеуді үйрету, мектеп ауласын көркейту - көгалдандыру.




