2021-2022 оқу жылының жаңалықтары

«Ақпараттар әлемі» атты интеллектуалдық ойын

Ақпанның 16-на 7-сыныптар арасында «Ақпараттар әлемі» атты интеллектуалдық ойын сайысын оқушыларға Информатика бірлестігі, «Әлем – нақты пәндер тілімен» атты математика және информатика пәндер апталығы аясында ұйымдастырды. Оқушылар
1- бөлім «Құпия алаң»
2- бөлім «Жұмбақ шешу»
3- бөлім «Бәйге. Қатені анықта».
4- бөлім «Сиқырлы әріптер».
5- бөлім «Адасқан әріптер» кезеңдерінде тапсырмалар орындап, жауаптарын таба білді. 7-ші "Д" сыныбы 1 орын, 7-ші "В" сыныбы 2 орын, 7-ші "А" ,7-ші "Ә"сыныптары 3 орын иеленді. Көрермендер де ойынға атсалысып отырды. Ойын соңында оқушылар грамотамен , тәтті сыйлықтармен марапатталды. Сайыс ұйымдастырушы информатика пән мұғалімдері Ерімбетова Н., Бижанова С.