2025-2026 оқу жылының жаңалықтары (2-жарты жылдық)

ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ЗАЙЫРЛЫ СИПАТЫ ТУРАЛЫ:

ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ЗАЙЫРЛЫ СИПАТЫ ТУРАЛЫ:

Қазіргі таңда тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты қоғам үшін аса маңызды. Бұл жүйе дінді немесе конфессиялық көзқарасты алға шығармай, мемлекеттік және жалпы адамгершілік құндылықтарға негізделеді. Яғни, әрбір бала мен жасөспірім теңдей білім алу құқығына ие болады, олардың сеніміне қарамастан бірдей тәрбиелік әсер алады. Зайырлы тәрбие – бұл құқықтық негізде, ғылыми және гуманистік принциптерге сүйенетін жүйе. Оның мақсаты – қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік және мәдени топтарды біріктіріп, азаматтық жауапкершілік пен өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Ғылым мен білім елдің болашағын айқындайтын ең маңызды салалар екені белгілі. Егер мемлекет білімді және ғылымды дамытса, халықтың өмірі де жақсарады. Сондықтан бұл салаларды мемлекеттің басты басымдықтары ретінде Конституцияда бекіту өте дұрыс шешім деп санаймын.

Мемлекет адамдардың білім алуына жағдай жасап, ғылыммен айналысуына қолдау көрсетсе, қоғам да алға жылжиды. Бұл зияткер ұлттың қалыптасуына, жаңа идеялар мен инновациялардың пайда болуына тікелей әсер етеді. Ғылым мен білім дамыған ел ғана жаһандық қиындықтарға қарсы тұра алады.