С.Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясының 7-сынып қыз балаларына “Салауатты Астана” жастар денсаулығы орталығының дәрігер-гинекологы Ахметжанова Айжан Оразалиевна және мектеп медбикелері “Етеккір циклінің қызметі” тақырыбында жиналыс өткізді. Жиналыс барысында қыз балаларда өтпелі кезеңде болатын өзгерістер, дене бітімінің физиологиясы, жеке басының гигиенасы және де жалпы қыз балалардың денсаулығын күтуі жайлы айтылды.