📚 Бүгін 9 «В» сынып оқушыларымен Бұқар жырау Қалқаманұлының толғаулары тақырыбында ашық сабақ
📚 Бүгін 9 «В» сынып оқушыларымен Бұқар жырау Қалқаманұлының «Асқар таудың өлгені», «Тілек» толғаулары тақырыбында ашық сабақ өткізілді. 🙌🏻 Оқушылар жырау толғауларындағы терең ой мен ұлттық құндылықтарды талдап, өз көзқарастарын еркін жеткізді. Ұлы тұлғалардың асыл сөздерін бағалай білетін ізденімпаз оқушыларыма ризамын. ✨ Ашық сабақ - ұстаз еңбегінің, шығармашылығының көрінісі, шәкірттерімен бірге даму алаңы. Пән мұғалімі Заркеева Д.Н