2024-2025 оқу жылының жаңалықтары

“Экофитнес” челленджі – Таза Қазақстан жолында!

🌿 “Экофитнес” челленджі – Таза Қазақстан жолында! 🌿

25 сәуір күні Астана қаласы Білім басқармасының тапсырмасы бойынша мектебімізде “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында “Экофитнес” челленджі өтті.

🧘‍♂️ Оқушыларымыз белсенділік танытып, “Біз біргеміз!” флешмобын билеп, дене жаттығуларын жасады. Бұл шара денсаулықты нығайтып қана қоймай, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталды.

🌍 Табиғат – ортақ үйіміз, оны таза ұстау – әрқайсымыздың борышымыз!