2025-2026 оқу жылының жаңалықтары (2-жарты жылдық)

📚 Танымдық дәріс – болашаққа бағыт

Кездесудің спикері — Астана қаласы

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің

аға жедел уәкілі, полиция капитаны Фархадов Үмидбек Фархадұлы.

Дәріс барысында оқушыларға есірткі заттарының адам денсаулығына, психологиясына және болашағына тигізер зияны, сондай-ақ заң алдындағы жауапкершілік туралы нақты әрі түсінікті ақпарат берілді. Спикер өмірлік мысалдар арқылы жасөспірімдерді теріс әдеттерден аулақ болуға, дұрыс таңдау жасауға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық диалог орнатты. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.

Болашағына бейжай қарамайтын, дені сау әрі білімді ұрпақ — ел ертеңі! 🌱