"Тіл - халықтың мұрасы" тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігіне бекітілген жоспар негізінде 6 - сынып оқушыларымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына "Саяхат сабағы" ұйымдастырылды. Мақсаты: кітапхана тарихымен таныстыру, білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру және оны бағалай білуге үйрету.
Оқушылар пән бойынша "Әлемнің ірі кітапханалары" тарауынан алған әлем кітапханалары туралы ақпараттарымен бөлісіп, Ұлттық академиялық кітапхана туралы мағлұмат алып қайтты.
"Саяхат сабағы" барысында оқушылар кітапхана тарихымен таныс болып, кітапхана мұражайына саяхат жасады. Оқушылар осы орайды өздеріне тиімді пайдалана отырып,
"Балалар кітапханасы" бөлімінің меңгерушісі - Клара Көпжасарқызымен де ашық сұхбат жүргізіп, өздерінің оқыған кітаптары жайлы ой бөлісті.
Сондай - ақ, қазіргі заман талабына сай электронды оқулықтың тиімділігі туралы деректермен танысып, өз көзқарастарын анағұрлым байыта түскендей әсерге бөленді.