2023-2024 оқу жылының жаңалықтары

«Бәріде, Ана, бір өзіңнен басталады»

“С.Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясында өткізілген “Ашық есік” күні барысында “МЕЙІРІМ” аналар мектебінің аналары арасында «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» атты коучинг өткізілді.

“Мейірім” аналар мектебінің басты мақсаты:

•Бала тәрбиесіндегі ананың рөлін арттыру;

•Аналар қауымын мектеп өміріне, мектептен тыс және сыныптан тыс өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысуға тарту;

•Ұл бала мен қыз бала тәрбиесін ұйымдастырудың физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін назарға ала отырып, пайдалы кеңестермен бөлісу.