✅ Алашорда үкіметі мүшелерінің ізбасары, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасовтың туғанына биыл 125 жыл. Осыған орай еліміздің әр өңірінде біртуар тұлғаның есімі ұлықталуда. Қазақстанда 3 орта мектеп Смағұл Сәдуақасовтың атымен аталады. Соның бірі - Елордадағы 78 мектеп-гимназиясы. Айтулы мерейтойдан білім ордасының оқушылары да шет қалмады. қайраткердің өмірі мен еңбек жолынан сыр шететін қойылым ұсынып, шығармаларын оқыды.