2023-2024 оқу жылының жаңалықтары

Көк тудың желбірегені …

“С.Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясының мектеп парламенті және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастыруымен “КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ…” атты тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты:

•оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы толық мәлімет беру,Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау,көрсету;

•оқушыларды өз елін сүюге,қадірлеуге,осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу,өз ана тілін сүюге үйрету;

•оқушыларды туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу

#16_Тәуелсіздік_күні