2022-2023 оқу жылының жаңалықтары

Оқуға құштар мектеп

Бүгін кітапханамызда "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша, 4 сынып оқушылары келіп, кітаптан алынған 1 әңгімені талдап, тақырыбын қойып топпен жұмыс жасады. Әңгімеден түйгенін, ойларын еркін жеткізіп, дұрыс бұрысын талдады. Ойларына түйген оқиғаны қағаз бетіне сурет салып түсірді. Жақсы сурет салған, ойын жақсы жеткізе алған балаға силық берілді. Кітап қана оқып қоймай, сурет салуға зейіні ашылған балалар, езуіне күлкі ұялады.