2025 жылы 12 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «С. Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК Қытай Халық Республикасы делегациясының ресми сапары өтті. Делегацияны Бүкілқытайлық халықтық саяси консультативтік кеңесінің төрағасының орынбасары, GX қорының төрағасы Лянь Чжэньин мырза бастап келді. Сапар құрамында Қазақстан Республикасындағы ҚХР Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь, сондай-ақ Қытай Елшілігінің өкілдері қатысты.
Сапардың мақсаты – мектеп-гимназияның қызметімен танысу, қытай тілі сабағының өту барысын көру және білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту.
Кездесу барысында қонақтар мектептің оқу ортасымен және инфрақұрылымымен танысты, оқу кабинеттерін, кітапхананы, STEM-кабинеті, спорт залы және көркемсурет галереясын аралады. Делегация мүшелері ағылшын және қытай тілдері сабақтарына қатысып, мектептің оқу процесімен танысты.
Сапар соңында оқушылар өз өнерлерін көрсетті: қолданбалы өнер туындылары, музыкалық және хореографиялық нөмірлер, сондай-ақ қытай тілінде сөйлесу дағдылары ұсынылды. Бұл көріністер оқушылардың жетістіктерін және мәдениетаралық қарым-қатынастың дамуын айқын көрсетті.
Қытай делегациясының өкілдері мектептің оқу үдерісін ұйымдастыру деңгейін, оқушылардың шығармашылық әлеуетін жоғары бағалап, №78 мектеп-гимназиясы мен Қытай Халық Республикасының білім беру ұйымдары арасындағы әріптестік байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екендіктерін білдірді.