2023-2024 оқу жылының жаңалықтары

Қайырымдылық жәрмеңкесі

“С.Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясында мектеп парламентінің ұйымдастыруымен “Мейірімділік керуені” атты қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкенің мақсаты: оқушылардың бойында қамқорлық сезімдерін ояту, игі істер жасауға дағдыландыру. Оқушыларды бір-біріне көмек беруге және бірлесіп жұмыс жасауға үйрету.

Оқушылар жәрмеңкеге өз қолдарымен дайындаған тәттілерін ұсынды.Жәрмеңкеге 7-11 сынып оқушылары және олардың сынып жетекшілері ат салысты.Қайырымдылық жәрмеңкесіне өз үлестерін қосып , игі істе белсенділік танытқан , қолдау көрсеткен жандарға алғыс білдіреміз

Жиналған қаражат қайырымдылыққа жұмсалатын болады